Жаңалықтар тізбегі
0

Ұзынағаштағы атыс: оқиға куәгері мен жараланған жігіттің анасы мән-жайды айтты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2022 10:59 Сурет: pixabay
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жаппай төбелеске қатысып, қару қолданған жігіттер әлі іздестіріліп жатыр. Күні кеше полиция қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызған оқиғадан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарулы қақтығыс спорт сарайының алдындағы көлік тұрағында 4 тамызда тал түсте болған. Куәгерлердің айтуынша, алғашында шекісіп қалған бір топ жігіт бір-біріне жұдырық ала жүгіріпті. Алайда жаппай төбелес атысқа ұласып, үш бірдей адамға оқ тиген. Оның бірі оқиға орнында көз жұмды. 25-30 жас аралығындағы ауылдастар арасындағы жанжалды осы маңда тұратын Павел Гвиношов көріпті. Қарудың дүрсілдеген дыбысынан шошыған жігіт ағасы сыртқа шығуға жүрексінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алғашында балалар ойыншық бомбы атып жүр деп ойладым. Содан кейін ондай емес, айғайшу шығып жатты. Біреуінің жалаңаш жүргенін көрдім. Немеремді жібермедім. Рикошет бірдеңке бола ма деп. Шамамен 10-15 адамдай болды.   Ұзынағаш ауылының тұрғыны Павел Гвиношов

Атыс кезінде жараланған екі адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бытыра жаралаған оларға ота жасалды. Науқастардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.

Бірінші науқастың аяғына және ішіне оқ тиген. Екіншісіне артқы жағынан оқ атылған. Қолынан, көкірегінен және жамбасынан атқан. Екеуі де қазір жансақтау бөлімінде. Қазір есін біледі. Ота жасалды. Жамбыл ауданы ауруханасының бөлім меңгерушісі Махмұт Құдайбергенов

Дәрігерлердің болжамына қарамастан, Әбдуәлидің анасы кенже ұлының денсаулығына алаңдайды. Оның айтуынша, жанжалдасқан жігіттер бір-бірімен жақын араласқан ауылдың бетке ұстар жастары. Араласып жүрген жандардың араздасуына не себеп болағанын Әмина да түсіне алмай дал.

Ұзынағаш ауылының, менің ауылымның балалары. Бірбірімен дос, араласып жүрген балалар. Бір-бірін жақсы таниды. Олардың арасында қандай әңгіме болғанын білмеймін. Бірақ бәрі дос болған.Ұзынағаш ауылының тұрғыны Әмина Әшірова

Полиция атысқа қатысы бар адамдардың жеке басы анықталғанын жеткізді. Қазір олар жер-көктен іздестіріліп жатыр.

Аталған дерек бойынша оның себебін анықтау және күдікті адамдарды ұстауға дереу шара қабылданды. Іздестіру шаралары бойынша ұстау жоспары жарияланып, Алматы облысы полиция бөлімшелерінің жеке құрамы құралды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді. Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин

Тергеу мүддесін алға тартқан тәртіп сақшылары нақты қандай баппен қылмыстық іс қозғалғанын айтпады. Қанды қылмысқа қатысы бар жігіттердің нақты саны да әзірге белгісіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: