Жайыққа батып кеткен баланың денесін сүңгуірлер іздеп жатыр
Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Атырау облысында 14 тамыз күні сағат 21:00 шамасында Жайық өзенінде тұрған қайықтардың үстінде ойнап жүрген 2015 жылғы бала суға батып кетті. Баланың денесін сүңгуірлер іздеп жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға Қызылбалық ауылында болды. Сағат 22:25-те басталған іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей, 00:27-де аяқталды.
15 тамыз күні сағат 07:30-да іздеу жұмыстары қайта жалғасты.
Іздестіру жұмыстарына төрт сүңгуір жұмылдырылды, – деп хабарлады Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript