Теміртауда газ жарылып, үш пәтердің қабырғасы опырылды
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 12:08-де Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 5/2 мекенжайында болған.
Бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының шығуы салдарынан үшінші және төртінші қабаттар арасындағы №30, 34 пәтерлер мен екінші және үшінші қабаттар арасындағы №26, 30 пәтерлерде еден аралық опырылған. Үш пәтерге зақым келген.Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, подъездің барлық тұрғыны көшеге көшірілді: 53 адам, оның ішінде жетеуі бала.
Үш тұрғын мен 1989 жылы туған бір пәтер иесі зардап шегіп, олар Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды.
Оқиға орнында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин, Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов және барлық төтенше жағдайлар қызметі бар. Жедел штаб құрылды.
Қайрат Бегімов тұрғындармен кездесіп, Теміртау әкімдігі пәтерлерді қалпына келтіруге, сонымен қатар уақытша тұруға көмектесетінін түсіндірді.
Оқиға орнында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен жеті техникасы жұмыс істеп жатыр.