Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан науқас күйіп қалды

Алматы облысы, Қарасай ауданы, дансақтау бөлімі, күйік, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 22:41 Сурет: pixabay
Эпилепсияға шалдыққан 20 жастағы Сұлтан есімді азамат аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанда, үстіне ыстық сұйықтық төгіліп, күйіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол сәтте науқас ес-түссіз жатқандықтан, оқиғаның қалай болғанын өзі жөнді білмейді, дейді Almaty.tv тілшісі.

Алматы облысына қарасты Абай ауылының тұрғыны Сұлтан Оршабековтің сөзінше, ол күйіп қалғанын денесі ашығанда бір-ақ білген.

Оянсам, оң жағым ашиды. Не болды деп қарасам, күйіп қалыпты. «Шайға өзің күйіп қалдың, жылы шай әкелгенде, ыстығын сұрадың» деп түсіндірді, – дейді ол.

Алайда Сұлтанның анасы Бақытгүл Оршабекова «ыстық шайдан 3-дәрежелі күйік алады» дегенге сенбейтінін айтады.

Қалай ыстық шайға күйдіріп алады? Неге оның аузы мен қолы күймейді? Қалай тек іші күйді?! Шай төгілсе, 3-дәрежелі күйік алады деген миға сыймайтын әңгіме сияқты. Білмеймін. Қорқып қалдық. Жансақтау бөлімінде осылай істесе, басқа бөлім не істемейді?, – деді Сұлтанның анасы.

Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Максим Стадников кінәліні Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің тексеру тобы анықтайтынын айтты.

Науқас жансақтау бөлімінде жатқанда денесін күйдірді. Үстіне ыстық шай төгілген. Қазір тексеру жүріп жатыр. Оқиғаға қатысты дәрігермен сөйлестік. Ертең Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің тексеру тобы келуі тиіс. Олар толық тексеріс жасап, кімнің кінәлі екенін анықтайды.Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Максим Стадников

Арна тілшілерінің хабарлауынша, Сұлтанның анасы бұл оқиғадан кейін экспертиза жасауды талап еткен. Оның айтуынша, сол сәтте дәрігерлер қарсы болған көрінеді. Сондықтан ұлын ауруханадан шығарып алып, полицияға арыз жазған.

Бұл дерек полиция басқармасында тіркелді. Материалдар жинақталып, экспертиза тағайындалды. Оқиға ауруханада болғандықтан іс Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданды. Істің толық мән-жайы тексеру жұмыстарының нәтижесі шыққанда ғана анықталмақ. Әзірге Сұлтан жарасын өзі танып, ем-домды үйінде алып жатыр.Қарасай АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Арман Талқамбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: