Алматы облысында жол апатынан әйел мен 12 жастағы қыз қайтыс болды
Сурет: Zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірқатар сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының 109-шақырымында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды.
Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Sonata және Daewoo Nexia жүргізушісі тас жолдың бойымен шығыс бағытта Шелекке қарай кетіп бара жатқан. Hyundai-дың жүргізушісі жолағын ауыстырып, ұзақ бұрылыстан кейін ол Daewoo-ға алдыңғы оң жағымен соғылған.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға салдарынан әйел адам мен он екі жастағы қыз көз жұмды.
Сурет: Zakon.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript