Жетісу облысында екі көлік соғылып, сегіз адам емханаға жеткізілді

 Талдықорған, Үштөбе, көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2022 21:58 Сурет: polisia.kz
19 тамыз күні кешке Талдықорған – Үштөбе тас жолында Газель мен Nissan автокөлігі соғылып, сегіз адам зардап шекті. Көмекке асығып бара жатқан жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz желілік басылымының жазуынша, жеңіл автокөліктің салонында бес ересек және үш бала болған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Сурет: polisia.kz

Айта кетерлігі, оқиға орнына асығып келе жатқан жедел жәрдем көлігі да жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жол апатына ұшырады. Бұл жол апатында зардап шеккендер жоқ. Тек көлікке залал келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: