Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жас жігіт ұрланған көлікпен адам өліміне әкеп соқтырған жол апатын жасады

Алматы, көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2022 11:04 Сурет: polisia.kz
Түнде Ақсай ықшамауданында 22 жастағы Р. есімді жігіт біреудің Mazda-сын айдап кетіп, таңға жуық жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Саин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, Абай даңғылымен қилыста Toyota Corolla және Kia Rio көліктерімен соқтығысқан. Соққыдан Kia инерциямен кедергіге соғылды. Көлік рөлінде 52 жастағы ер адам болған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Көлікті ұрлап, апат жасаған адам ұсталды. Белгілі болғандай, Mazda-ның иесі көлігінің ұрланғанын білмеген: көлік үйінің ауласында екеніне сенімді болған.

Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сонымен қатар бөтен көлікті заңсыз иелену, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша да жүргізіледі. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов

Кеше түнде ол үш көліктің аккумуляторын ұрлап кеткен. Ол бірнеше рет сотталған болып шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: