Ақтауда ер адам теңіз тартып кеткен екі қызды құтқарды
Куәгерлердің бірі Ажар Айболатқызының айтуынша, оқыс оқиға 21 тамызда кешке қарай орын алған. Балалы-шағалылар "Золотое солнышко" демалыс базасында демалған. Балалар су шашып ойнап жүрсе, ал үлкендер жағы шашлық пісіруге ден қойған, деп хабарлайды "Лада" басылымы.
12 және 13 жастағы екі қыз су жағасында тақтайшаға (сапборд) мініп, байқап көрмекші болады. Қандай да бір аса бір қауіп байқалмаған.
Кенеттен жел соғып, оларды судың ортасына қарай тарта бастаған. Қыздардың бірінің анасы жүгіріп айналадан көмек сұрады. Өйткені өзі жүзе алмайтындықтан, шарасыз күйде көмек іздеп, жағалау бойымен жүгірген. Біз бірдеңе түсініп болғанша жел қыздарды судың ортасына алып кетті. Осы кезде қыздарға қарай жүзіп бара жатқан бір ер адамды көрдік. Ол балаларды қуып жетіп, сапбордты ұстап алып, олармен бірге жағаға қарай жүзіп келді. Барлығы бірнеше минут ішінде орын алды. Елдің бәрі у-шу, абыр сабыр болып жатқанда әлгі ғайыптан пайда болған құтқарушы зым-зия жоқ болды. Ажар Айболатқызы
Аман қалған қыздардың анасы ер адамның өзіне ұсынылған сыйақыдан үзілді-кесілді бас тартқанын айтады. Дегенмен ер адамның ерлігі туралы бүкіл ел білуі керек деп санайды ол.
Қорқып кеттік. Қыздар тым алыстап кетті, олардың артынан жүзуге ешкімнің батылы жетпеді. Олар да қатты қорықты. Бір қызығы, жел тез тұрып, тез басылды. Түк болмағандай. Біз, ауа райы осынша адуынды деп ойламаппыз. Ажар Айболатқызы
Кейін ТЖД істің мән-жайын анықтау үшін Ажармен хабарласып, Александрдың марапатқа ұсынылатынын хабарлады және қызға оқиғаны баяндап бергені үшін алғыс білдірді.