Ақтөбеде ер адамды ұрып, ақшасын тартып алған күдікті ұсталды
Сурет: polisia.kz
Полиция 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрланған ақша тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға сағат 8:00-де Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында біреулердің төбелесіп жатқаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция жасағы жіберілді.ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Жәбірленуші полицейлерге белгісіз біреу ұрып, 104 мың теңгесін тартып алғанын айтқан. Ол орнынан тұрып, қаскөйді қуып жеткенде, екеуінің арасында төбелес басталған.
Ведомствоның мәлімдеуінше, ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript