Қостанай облысындағы орман өрті кезінде 10 адам зардап шеккен
Сурет: Zakon.kz
Жергілікті елдімекеннің 5 тұрғыны, соның ішінде біреуі бала және бір орманшы, бір әкімдіктің қызметкері, сондай-ақ ТЖМ-ның 3 қызметкері жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат пен күйік алып, уланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың төртеуі орталық аудандық ауруханаға орналастырылған, алтауы тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Тұрғындар мен өрт сөндіруге жұмылдырылған қызметкерлер арасында қаза болу және жарақат алу жағдайлары тіркелген жоқ. Жағдайдың жақсаруына байланысты Р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және темір жол (поездар) бойынша поездар қозғалысы толық көлемде қайта жанданды (№82, 43, 51, 37, 622 поездар, барлығы-908 жолаушы), деп нақтылайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Қостанай облысындағы өрт 2 қыркүйектен бастап сөндіріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript