Қостанай облысындағы өрт: басқа облыстардан келген құтқарушылар үйіне қайтып жатыр

Қостанайдағы өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2022 11:27 Сурет: видеодан скриншот
7 қыркүйек күні сағат 15:00-де Қостанай облысында болған ірі табиғи өрт ауыздықталды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабынан Zakon.kz-ке хабарлағандай, басқа облыстардан келген құтқарушылар үйіне қайтып жатыр.

Жедел штабтың мәліметінше, жергілікті ошақтарға су төгу, өртенген аумақтар мен елді мекендердің айналасын тексеру жұмысы жалғасып жатыр.

8 қыркүйекте сағат 8:00-ден бастап Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өрт болған жерді ұшақпен аралап шықты. 9:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті гарнизондарының күштері мен құралдары тұрақты орындарына қайтып жатыр.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы

2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты. 4 қыркүйекте оның аумағы 43 мың гектардан асты.

Бірнеше ауданның тұрғындары эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты.

Төтенше жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өртін жою барысын бағалады.

7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттің локализацияланғанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: