Қырғызстан шекарасында зардап шеккендер саны 163 адамға жетті
Түнде Баткен облысының денсаулық сақтау ұйымына 19 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінсе, оның 12-сі амбулаторлық ем алуға жіберілді. 144 адам стационарда ем алуын жалғастырып жатыр, 19 адам амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді.
Барлық зардап шеккендерге қажет медицина көмегі көрсетілді. Қан компоненттері, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар жеткілікті мөлшерде бар.Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі
Баткен облысындағы қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны - 59 адам.
Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігі 18 қыркүйектегі жағдай бойынша 35 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алғанын хабарлады.
17 қыркүйек күні таңертең Қырғызстанның Баткен облысында оқ атылып, кейін төтенше жағдай режимі енгізілген.
Қырғызстанда 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Тәжікстан Демократиялық партиясының басшысы Сайджафар Усмонзода 20 қыркүйекті ұлттық аза тұту күні деп жариялауға шақырды.