Павлодар облысындағы ауыл маңында өрт шықты
Сурет: gov.kz
Өрт Заря ауылдық округіне қарасты Подстепка ауылы маңындағы Ертіс өзен алқабында шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, 20 гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртеніп, 30 тоннаға жуық шөп жанып кеткен.
Өрт 17:20-да толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері мен 5 бірлік техникасы, Орман шаруашылығының 6 қызметкері мен 2 техникасы, Заря ауылының өрт сөндіру бекетінің 1 техникасы, Заря ауылдық округінің 15 еріктісі жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript