БҚО-да қоқыс үйіндісінен ер адамның мәйіті табылды

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2022 10:39 Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының Круглоозерный ауылында "кісі өлтірді" деген күдікпен 1999 жылы туған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 қыркүйек күні сағат 19:05-те Круглоозерный ауылының шетіндегі қоқыс тастайтын жерден адам қолынан қайтыс болған 30-35 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Кейін ол 1990 жылы туған А. есімді Казталов ауданының тумасы екені анықталды.БҚО ПД баспасөз қызметі

Жедел іздестіру шаралары барысында "аса ауыр қылмысты жасады" деген күдікпен 1999 жылы туған А. есімді азамат анықталып, ұсталды.

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі негінізде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. БҚО ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: