Павлодарда 15 оқушы бұрышты газ баллонын шашып, ауруханаға түсті
Сурет: pixabay
23 қыркүйек күні таңертең Павлодардағы орта мектепте оқыс оқиға болды: белгісіз біреу мектептің екінші қабатына бұрышты газ баллонын шашқан. 15 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Тілекжан Галямов мектептен 672 оқушы эвакуацияланғанын мәлімдеді.
15 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр.Тілекжан Галямов
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript