Ақтөбеде мектептен шу шықты: 42 балаға мантудың орнына басқа екпе салған
№74 орта мектептің 42 оқушысының жақындары жауапсыз медицина қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етуде. Ата-аналардың айтуынша, балалардың көпшілігі өздерін жайсыз сезінеді. Екпе салған жер қатты ісіп, іріңдеген. Тіпті қолдарын көтере алмай қалғандары да болыпты. Анықтай келе, балаларға мантудың орнына иыққа салатын тірі вакцина егілгені анықталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
"Живая" вакцина енгізіліп кеткен. Ол ағзадағы барлық жасушаны оятады дейді. Енді басталып жатыр. Процесс жүріп жатыр. Міне, екі жетіден асып кетті. Бала қолын көтере алмайды. Бездері шошынған. Қолтық асты. Тамағының бездері шошынған. Өзімен өзі жата береді. Әлсіздік пайда болды.Ата-ана Раушан Исаева
Ал медицина қызметкерлері ата-аналардан алты айды күтуді сұраған. Сол кезде вакцина күші жойылатын көрінеді.
Құтының сыртында жазылып тұрады екен бәрі. Түсі де басқа болады. Сонда қалай шатастырған? Түк түсініксіз. Білек терісі өте жұқа. Ағзаға вакцина түсіп үлгерді. Олар бізге 6 ай күтуді сұрайды. Күтіп отыратын болсаң, ешкім кепілдік бермейді. Мүгедектікке алып келуі мүмкін. Ата-ана Шынар Бекболатқызы
Бұл вакцинаны салған медицина қызметкерлері жеке клиниканың мамандары көрінеді. Олар мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсеткен. Осындай жағдайдан кейін дәрігер де, медбике де жұмыстан босатылған. Прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр.
Қателікті жіберген - медицина қызметкерлері. Олар өз қателіктерін мойындап отыр. Енді 42 бала осындай жағдай болған соң, не болатынын ешкім айта алмайды. Тек қана біздің өзіміз айтатынымыз, басқа жерге салынып, техникалық ақау кеткені рас. Ақтөбе облыстық ДСБ басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева