Қызылордада трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісіне үкім шықты
Сурет: Zakon.kz
Қызылорда қаласында жалған ақшаның заңсыз айналымына қатысы бар трансұлттық қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство таратқан ақпарат бойынша, Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен топ басшылары мен мүшелері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрғандары және оған қатысқандары, сонымен қатар жалған ақшаны өткізгендері үшін кінәлі деп танылды.
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Кінәлілер 9 жылдан бастап 17 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Комитет өкілдерінің хабарлауынша, қылмыстық топ құрамында Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия азаматтары болған. Олар ҰҚК және прокуратура органдары бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Қызылорда, Алматы және Өскемен қалаларында құрықталды.
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Тергеу барысында олардың аса үлкен көлемде жоғары сапасымен ерекшеленетін жалған АҚШ долларын және евроны Қазақстан аумағына әкелуге және өткізуге қатысы барлығы дәлелденді.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Валюта Түркиядан Қазақстанға пошта арқылы жасырылған күйде жөнелтіліп отырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript