Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда үйге соғылған автобус жүргізушісінің отбасы әділдік сұрайды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2022 20:43 Сурет: Zakon.kz
Алматыда жекеменшік үйге соғылған автобустың жүргізушісі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, оның отбасы жол апатына көліктегі ақау себеп болды дегенді айтады. Өйткені жүргізушінің денсаулығында бұған дейін кінәрат болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қоғамдық көлік, жолаушыларымен бірге жеке тұрған үйге соғылған. Автобус тізгініндегі Руслан Мұрынов - 4 баланың әкесі, отбасының жалғыз асыраушысы. Қазір ауруханада, есін жимаған. Автопарк өкілдері аталған оқиғаны жүргізуші денсаулығының кенеттен сыр беруімен байланыстырған болатын. 20 жылдық тәжірбиесі бар жүргізушінің жанұясы мұнымен келіспейді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мықты болған денсаулығы. Ешқашан қыңқ етпеген. Жүрегім, басым деген емес. Басын КТ-ға түсірдік. Инсульт жоқ. Жүрегін де түсірдік, инфаркт жоқ. Бастықтардың айтқаны өтірік. "Тежегіш ұстамай қалған" деген чатта достары. "Неисправный" болған дейді. Зардап шеккен жүргізушінің жұбайы Анар Елшімбаева

Автопарк басшылығы болса, автобуста техникалық ақау болды дегенді жоққа шығарып әлек. Автобус жолға шықпай тұрып, толық тексерістен өткенін айтады. Олар алдағы уақытта қоғамдық көлікке қосымша техникалық сараптама тағайындалатынын жеткізді.

Бұзылған автобус деп айта алмаймын. Неге десеңіз, оның бәрін кезекші мехник шығар кезде тексереді. Тежегішін, рөлін, дөңгелектерін. Бәрі әділетті болсын дейміз. "Біреуге жала жауып, өзіміздің жауапкершілігімізден қашып кетеміз" деп отырған ешкім жоқ. "Олжас LTD" ЖШС атқарушы директоры Шыңғыс Байқадамов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: