Алматы облысында жасөспірім жоғалып кетті
Сурет: Instagram/rustam.abdrakhmanov
Алматы облысы Талғар ауданында 14 жастағы мектеп оқушысына іздеу жарияланды. Облыстық полицейлер Zakon.kz сайтына жеткіншекті іздестіру жұмыстары бір айдан астам уақыттан бері жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Полиция қызметкері бала 11 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып кетіп, хабарсыз кеткенін жазды.
Жоғалып кеткен баланың есімі Қасейін Мұрал. Ол Талғар ауданына қарасты Көкдала ауылында тұрады.
Полиция өкілі баланың ерекше белгілерін атада. Жасөспірім орта денелі, бойы -165 см. Көзі қоңыр, шашы қара.
Оның үстінде ашық сұр свитер, қара түсті қысқа шалбар және қызыл кроссовка болған.
Баланы көрген-білгендер болса, +7 701 375 92 91 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуын сұраймыз. Рустам Әбдірахманов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript