Атырауда атыс болып, бір адам қаза тапты
Сурет: pixabay
21 қазан күні таңертең Атырауда атыс болды. Zakon.kz сайтына облыстық полицияның хабарлауынша, жастар арасындағы кикілжіңнің соңы қайғылы жағдайға ұласқан.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, атыс кезінде 20 жастағы жігіт қайтыс болды, тағы екі адам жараланды. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға "Атырау-2" шағын ауданында болды. Сол жерде бірнеше өзара жігіт ерегіскен.
Полиция оқиғаға қатысы бар адамдар анықталғанын хабарлады. Тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript