Наомидің арқасында шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік анықталды
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысындағы шекара бақылау бекетінде Өзбекстаннан Қазақстанға жаяу өтіп бара жатқан жолаушының шалбарының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Оны Наоми атты қызметтік ит байқап, үріп, полицейлерге белгі берген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыны көріп, үрген. Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексергенде, оның шалбарының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды.
Алынған зат сараптамаға жолданып, оның "гашиш" есірткісі екені расталды. Ұсталған орта жастағы азаматтың Өзбекстан елінің тұрғыны болып шықты. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Күдікті ер адам қамауға алынды.
Ведомство өкілдері оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript