Иркутскіде екіқабатты тұрғын үйге әскери ұшақ құлады
Сурет: vesma.today
Атқыш жауынгерлік ұшақ Иркутскідегі екіқабатты тұрғын үйге құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 23 қазан, жексенбіде "112" Telegram арнасы хабарлады.
Келтірілген дерекке сүйенсек, бұл арада жергілікті әуе зауытынан ұшып шыққан Су-30 әмбебап атқыш әскери ұшағы туралы сөз болып отыр. Ұшақ Ново-Ленино ықшам ауданындағы екі қабатты тұрғын үйге құлады.
Қаза тапқандар туралы әлі ақпарат жарияланбады.
Оқыс жайт туралы ақпаратты аймақ губернаторы Михаил Кобзев өзінің Telegram арнасында растады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Иркутскіде екі қабатты үйге Су санатындағы ұшақ құлаған. Мен сол жаққа бара жатырмын, - деп жазды ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript