Сәтбаевта көлік аркаға соғылып, жүргізуші қайтыс болды
Сурет: Zakon.kz
25 қазанда әлеуметтік желіде Сәтбаев қаласында көлік өртеніп жатқаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау өңірінің мәліметінше, 25 қазан күні Жезқазған – Есіл – Петропавл тас жолында Сәтбаевтан Жезқазғанға шыға берісте 58 жастағы "Мерседес" көлігінің жүргізушісі қала атауы жазылған аркаға соғылған. Көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол көлік тізгінін басқара алмай қалған.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
6 қазанда Ақтауда инкассатор көлік өртеніп кеткен еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript