Өскеменде электр қалқаны ішіндегі сымдарға маталған мысық құтқарылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2022 16:58 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
30 қазанда таңертең шұғыл байланыс желісіне Гагарин бульвары бойындағы үй тұрғындарынан ерекше шақырту келіп түсті. Сөйтсе мысық электр қалқаны ішіне кіріп, сымдарға маталып қалыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өлер жерін білген үй жануары да қатты қорыққанынан бір орнында тапжылмастан қатып қалған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жағдайды бажайлап қарай бастады. Сымдардың түйінделген тұсынан ашық жер байқалды. Сондықтан жағдай өте қауіпті деп бағаланып, әр секунд маңызды саналды. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар арнайы қолғап киіп, жануарды "тұзақтан" ақырын босатып алып шықты.

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: