Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады

Жамбыл облысы, жол апаты, жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 18:14 Сурет: Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, рөлде он бесер жасар жасөспірім болған, ол көліктің кілтін әкесінің рұқсатынсыз алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жағдай 2022 жылғы 1 қарашада сағат 21:30-да Тараз – Айша бибі тас жолының 1 шақырымында болды.

Полицейлер анықтағандай, 15 жастағы жасөспірім Айша бибіден Таразға келе жатып, тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Көлікте жүргізушіден бөлек тағы үш жасөспірім болған.

Оқиға салдарынан 14 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен екі кәмелетке толмаған жолаушы түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: