Ресейде дәмханадағы өрт кезінде қаза тапқан адамдар саны артты
Сурет: видеодан алынды
Ресейдің шұғыл қызметтері келтірген мәліметтеріне сүйенсек, Костромада "Полигон" дәмханасындағы өрт кезінде қаза тапқандар саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кострома қаласындағы дәмханада болған өрт тұтынушылардың арасындағы жанжалдан кейін тұтанған. Дәмханаға келушілердің бірі төбелес кезінде қарсыласына қарай аспанға от ататын белгі беруші тапаншаның шүріппесін басқан, - дейді куәгерлер. От атқан адам оқиға орнынан ізін суытқан, ол қазір іздестіріліп жатыр, деп жазады "Известия" басылымы.
5 қарашада сағат 2:37-де Никитская көшесіндегі "Полигон" кафесінде өрт шықты. Қызыл жалын ғимараттың 3 500 шаршы метр аумағына тарады. 250 адам эвакуацияланды. Кейін өрт оқшауланды. Бастапқыда 5 адамның мерт болғаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript