Бас прокуратура үгіт-насихат кезінде болған заң бұзушылық туралы айтты

полиция, заң бұзу, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2022 18:51 Сурет: polosia.kz
Президенттікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмысын жүргізу кезінде сайлау заңнамасын бұзған төрт азаматқа әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, үгіт-насихат барысында төрт заң бұзушылық тіркелген.

«Үгіт науқаны барысында екі заң бұзушылық және интернет-ресурстар арқылы тағы екі заң бұзушылық болды».Жандос Өміралиев

Толығырақ түсініктемені Бас прокуратураның департамент басшысы Азамат Серғазин айтты.

"Екі факт – президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын қасақана бүлдіру. Оларға сәйкес тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 114-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ал екі дерек – ОСК-ға хабарламастан әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізу".Азамат Серғазин

Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, төрт құқықбұзушы да кінәсін мойындады. Оларға әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: