Таразда 100 полицей колледж ғимаратынан бомба іздеді

полицей, тәртіп, форма, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 18:55 Сурет: polisia.kz
21 қараша күні Таразда политехникалық колледждің екі ғимаратына "жарылғыш зат қойылғаны" туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 қарашада сағат 13:10-да полицияға Жамбыл политехникалық колледжінің Telegram-дағы ресми парақшасына жасырын хат түседі. Онда Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшелерінің бойында орналасқан колледж ғимараттарында бір сағатта жарылып кететін жарылғыш заттар қойылғаны хабарланды.

Арнайы іс-шараларға 22 көлік бригадасы, 100 полиция қызметкері, арнайы және жедел қызметтер, сонымен қатар қызметтік иттері бар кинологтар жұмылдырылды.Жамбыл облысы Полиция департаменті

Колледж қызметкерлері мен студенттері эвакуацияланды.

Қабылданған арнайы іс-шаралар нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: