Алматы маңында жер сілкінісі болды

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2022 11:56 Сурет: unsplash
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 23 қараша күні сағат 11:06-да Алматыдан 264 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 5:06-да болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай Қазақстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.1. Магнитудасы - MPV 3.5. Эпицентр координаты - 44,60° N 79,58° E. Тереңдігі - 15 км. Байқау мүмкіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - деді Алматы ОСҰ кезекші операторы.

22 қарашада сағат 03:26 және 04:34-те екі жерасты дүмпуі тіркелді. Ол да Алматы маңында болды.

Дәл осы күні Алматы маңында тағы екі жер сілкінісі қысқа аралықпен – 09:40 және 09:57-де болды.

16 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін Алматыда 28 сейсмикалық станса орнатуды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: