Қызылордада мектеп оқушылары эвакуацияланды

сынып, мектеп, білім, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2022 17:57 Сурет: primeminister.kz
22 қарашада Қызылордада бір мектептен оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды. Полицейлердің Zakon.kz-ке хабарлауынша, бұған оқушы қыздың абайсызда бұрыш спрейін шашып кетуі себеп болған.

Облыстық полицейлерге "Белгісіз затпен улану" фактісі бойынша мектептен қоңырау шалынған. Жедел-тергеу тобы дереу мектепке аттанған.

Мектеп оқушылары мен мұғалімдер эвакуацияланды. Полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

Тексеріс нәтижесінде аталған мектептің оқушысы абайсызда бұрыш спрейін шашқаны анықталды.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: