Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан 18 адам ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі Берік Төлеубаевтың айтуынша, 18 зардап шеккен адам. Олардың төртеуі ауыр хәлде.
"Жағдаяттық орталықтың нақты жұмысының арқасында ауыр науқастар ауруханалар арасында бөлінді. Операция бөлмесінде шокқа қарсы реанимациялық шаралар басталды. Қазір науқастардың жағдайы ауыр. Қарқынды терапия жүргізіліп жатыр".Берік Төлеубаев
Қарағандыда 25 қараша күні таңертең көпірде екі автобус соқтығысты. Жүргізушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript