Жетісу өңірінде облыстық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі жабылды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 14:53 Сурет: pexels
Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңыздағы Қоғалы – Шұбар – Көксу – Қарабұлақ тас жолының 68-74 шақырым аралығындағы жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 13:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, айналаның көріну деңгейінің күрт нашарлауы) шектеулер енгізілген.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне де қатысты.

Синоптиктер 3 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деп болжайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: