Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторында күдікті асылып қалды

Талғар ауданы, уақытша ұстау изоляторы, күдікті, қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2022 17:32 Сурет: polisia.kz
Алматы облысы Талғар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында ұсталған азамат асылып өлді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Талғар ауданының полиция басқармасы қызметкерлері 2022 жылғы 3 желтоқсан күні ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігінде (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен бұрын ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабымен  сотты болған 19 жастағы күдіктіні ұстап, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамады.

"5 желтоқсанда шамамен сағат 13:55-те күдікті уақытша ұстау изоляторының камерасында өз-өзіне қол жұмсады". Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қайтыс болу фактісі  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар ауданы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

"Қазір қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр". Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: