Ниццадағы терактіге қатысы бар деп айыпталғандар 2 жылдан 18 жылға дейін сотталды
2016 жылы 14 шілдеде Мұхамед Булелді полиция атпастан бұрын, ол жүк көлігімен Англия жағалауына жиналған жұртшылықты қағып өтті. 86 адам қаза тауып, 400-ден астамы жарақат алды. Төрт қазақстандық әйел лаңкестік әрекеттің құрбаны болды. Сот процесіне 2500-ден астам адам талапкер ретінде қатысты, деп жазды Euronews.
Ең ауыр үкім – он сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы қылмыстық лаңкестік қоғамдастық құрды деп айыпталған Чокри Шафруда мен Мұхамед Грайебке кесілді. Тергеу мен соттың мәліметінше, олар теракт жасаған 30 жастағы тунистік азаматпен тығыз байланыста болған және оған қылмыстық жобаны әзірлеуге де, іске асыруға да көмектескен.
Үшінші айыпталушы Рамзи Ареф "терроризм" квалификациясы жоқ қылмыстық қоғамдастық құрғаны үшін және қару-жарақ саудасы үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған бес айыпталушы сол баптар бойынша екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге сотталды.
2016 жылғы 14 шілдеде Ниццада болған терактіге жауапкершілікті Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.