Талдықорғанда көліктен "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалының бұрынғы директорының денесі табылды
Сурет: Zakon.kz
13 желтоқсанда Талдықорғанда көліктен мәйіт табылды. Ер адам атыс қаруын пайдаланып, өзіне қол жұмсаған деген болжам бар. Әлеуметтік желіде "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалының бұрынғы директоры Ержан Ұстаевтың өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратты "ҚазАгроҚаржы" АҚ растады.
"ҚазАгроҚаржы" АҚ ұжымы Ержан Ұстаев туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Ержан біздің компанияда 21 жылдан астам еңбек етіп, Жетісу облысының (Алматы облысы) ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосты. Біз Ержанды өз ісіне берілген, жанашыр, ақкөңіл адам ретінде білдік. Қайғы-қасіретті отбасымен бөлісіп, қайғырамыз"."ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз қызметі
13 желтоқсанда Талдықорғанда Toyota Hilux Pick Up көлігінің салонынан 47 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған еді. Жетісу облысы полицейлерінің мәліметінше, ер адам атыс қаруын пайдаланып өзіне қол жұмсаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript