Өртеніп жатқан пәтерден қарияны аман алып шыққан алматылық жігіт марапатталды
Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Еркебұлан Жанахметовке "Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін" төсбелгісі табыс етілді. Биыл 20 қарашада басын қатерге тіге отырып, өртеніп жатқан пәтерден 72 жастағы ер адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марапаттау рәсімі Алматы қаласы ТЖД кеңсесінде өтті.
"2022 жылғы 20 қарашада Алматы қаласында "Шұғыла-City" ТК-да шыққан өрттен адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, қайсарлығы мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен 30 жастағы Еркебұлан Қалдыбекұлы Жанахметов "Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталады". Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Салтанатты жағдайда министр атынан төсбелгіні Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков табыстады.
"Көзге түсіп, қаһарман болуды мақсат еткен жоқпын, тек қиын жағдайдағы адамға көмектескім келді". Еркебұлан Жанахметов
2022 жылдың 20 қарашасында сағат 05: 00 шамасында "Шұғыла-City" ТК-ның 30 жастағы тұрғыны өз терезесінен қарама-қарсы беттегі үйден шығып жатқан қалың қара түтінді көреді. Ол өртке қарсы қызметке қоңырау шалып, содан кейін газ желісінің шүмегін бекітіп, адамдар жүгіріп шығып жатқан подъездің алдына келеді. Пәтерде қарт адам қалып кеткенін білген Еркебұлан көмекке ұмтылды. Тек үшінші әрекеті өз нәтижесін беріп, ол жанып жатқан пәтердің есігін бұзып кіріп зейнеткерді қауіпсіз жерге алып шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript