"CNPC-Ақтөбемұнайгаз" зауытына мұнай төгілгені үшін 18 миллион теңге айыппұл салынды
Сурет: pixabay
Биыл күздің ортасында болған «Кенкиякнефть» кен орнындағы апат үшін қытайлық жер қойнауын пайдаланушы шамамен 18 миллион теңге төлеуі тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК мәліметінше, экологтар CNPC-Ақтөбемұнайгаз компаниясына осындай айыппұл салған. Мұнайдың төгілуі қазан айында болды. Ластану аумағы ол кезде 3 мың шаршы метрден астамды құрады.
Ұңғымалардың бірінде сұйықтық ағып кетті: мұнай араласқан су төгілді. Топырақтың ластануынан басқа, бұл атмосферада күкіртті сутегінің артық мөлшерін тудырды. Бұл ретте компанияның өзі апат туралы экология департаментіне хабарлауға асықпады. Ережеге сәйкес олар мұны екі сағаттың ішінде жасауы керек еді. Осындай баяулық пен зиянды шығарындылар үшін қытайлық компанияға айыппұл салынды. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушы ластанған аумақты қалпына келтіруге міндеттелді.
"Тексеру нәтижесі бойынша заң бұзушылық анықталып, ол үшін 18 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылып, осы саладағы қалпына келтіру бағдарламасына қатысты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді". Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Талап Уснадин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript