Жаңалықтар тізбегі
0

Көліктегі полиция департаменті: Жыл басынан бері 93 адамды пойыз қақты

Көліктегі полиция департаменті, пойыз жол, пойыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 22:19 Сурет: Zakon.kz
Елімізде жыл басынан бері жылжымалы құрамның астына 93 адам түсіп, оның 61-і қайтыс болды, 12 факті бойынша балалар зардап шекті, өкінішке қарай, оның 8-і көз жұмды. Көліктегі полиция департаменті осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері теміржол төсемін белгіленбеген жерлерден өткені үшін көлік полицейлері 25 403 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ пойыздардың шұғыл тежелуінің 2162 фактісі тіркелді, оның ішінде теміржолда адамдардың болуы себебінен – 365, үй жануарларының болуына байланысты – 1537.

"Ағымдағы кезеңде тәртіп сақшылары халықпен 1219, жолаушылар пойыздарында 1200-ге жуық кездесу, оқу орындарында "Темір жол - аса қауіпті аймақ!» тақырыбында 1643 дәріс өткізіп, теміржол нысандарында болған кезде қауіпсіздікті сақтаудың негізгі шараларын жеткізді". Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов 

Оның сөзінше, Департамент пен оның аумақтық бөліністері қызметкерлерінің жүргізген профилактикалық жұмыстарына қарамастан, азаматтар теміржол көлігі нысандарында қауіпсіздік ережелерін әлі де бұзып келеді.

Мәселен, 16 желтоқсанда Түркістан облысы Манкент станциясында жүк пойызы теміржолда белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды жанай қағып кетті. Машинист шұғыл тежеу қолданып, дыбыстық сигналдар бергенімен, басына капюшон мен құлаққап киіп алған қыз бала сигналдарды естімеген. Ол Сайрам ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

"Бұл факті бойынша ҚР ҚК 344-бабының 1-бөлігі, яғни темiржолкөлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзубойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді М.Айтуғанов.

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасарының сөзінше, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – азаматтардың көлік инфрақұрылымы объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуы және өздерінің жеке қауіпсіздіктеріне немқұрайлы қарауы.

Ол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және темір жолдан тек арнайы белгіленген жерлерде өту керек екенін ескертті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: