Шымкентте "Ладаның" капотына мінген бойжеткен халықтан кешірім сұрады

Капотқа мінген қыз кешірім сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2022 12:18 Сурет: видеодан скриншот
Шымкентте полицейлер қаланы "Лада" көлігінің капотына мініп аралаған қызды тапты. Ол Қазақстан халқынан кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жол ережесін бұзғаным үшін барлығынан кешірім сұраймын", - деді ол.

Шымкент қалалық патрульдік полиция полкінің Instagram-дағы парақшасында қыздың кешірім сұраған видеосы жарияланды. Сонымен қатар ол мұндай жағдай қайталанбайды деп уәде берді.

21 желтоқсанда Шымкент қалалық патрульдік полиция полкінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында жол ережесі сақталмаған видеоны тапты. Кейін қызды көлігінің капотына мінгізген "Лада" жүргізушісіне айыппұл салынды.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: