Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдан 300 шақырым жерде екі рет жер сілкінісі болды

Алматыда жер сілкінісі тіркелді Сурет: pixabay
3 қаңтар күні таңертең Алматының оңтүстік-шығысында екі рет жер асты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"СОМЭ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Алматының оңтүстік-шығысында қысқа аралықпен екі рет жер асты дүмпуін тіркеді.

Біріншісі 3 қаңтарда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 6:49-да тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,4;
  • MPV магнитудасы - 4,0;
  • Жер сілкінісінің координаттары – 42,05° солтүстік. 80,58° E;
  • Тереңдігі - 5 км;

Сезімталдық туралы ақпарат болған жоқ.

Екіншісі 3 қаңтарда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 7:20-да тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 341 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6;
  • MPV магнитудасы – 4,3;
  • Жер сілкінісінің координаттары – 42,15° солтүстік. 80,81° E;
  • Тереңдігі - 5 км;

Сезімталдық туралы ақпарат болған жоқ.

Сонфмен қатар бір апта бұрын Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 200 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз