Жаңалықтар тізбегі
0

Берік Асылов: Жоғарғы басшылықты ауыстыруға бағытталған операция тыңғылықты жоспарланған

Қаңтар, ҰҚК, Бас прокуратура Сурет: Zakon.kz
Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс неліктен аса құпия деген белгімен тергелгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Біз басқарылатын хаос кезінде еліміздің жоғарғы басшылығын ауыстыруға бағытталған операция тыңғылықты жоспарланған деп айта аламыз. Шын мәнінде, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасалды. Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке опасыздық жасау және басқа да аса ауыр қылмыстар туралы іс "аса құпия" режимінде тергелді. Материалдарды жариялауға шектеу қойылған, өйткені оларда мемлекеттік құпиялар бар. Істе сыртқы саяси, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметіне қатысты мәліметтер бар. Оларды жариялау ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін".ҚР Бас прокуроры Берік Асылов

Бас прокурор қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатқанын айтты.

"ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілді. Тағы бір бұрынғы орынбасары Ерғожин билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша айыпталып жатыр. Сондай-ақ бұрынғы орынбасары Осиповке және ҰҚК бөлімшелерінің басқа басшыларына  өкiлеттiктерді асыра пайдалану тағылып отыр".Берік Асылов

Ол қастандықтың нақты егжей-тегжейін айтуға құқығы жоқ екенін алға тартып, басқа ақпаратты аша алмайтынын айтты.

Сондай-ақ Бас прокурор Арман Жұмагелиевке ҰҚК кураторы тапсырма беріп отырғанын мәлімдеді.




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: