Жаңалықтар тізбегі
0

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ кәсіпорнында тағы бір жұмысшы опат болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 19:37 Сурет: arcelormittal.kz
"Арселор Миттал Теміртау" АҚ кәсіпорыны территориясында тағы да жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ-та келтірілген дерекке сүйенсек, қайғылы оқиға №2 қаңылтыр тарту цехының химиялық блогындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Ер адамды тоқ соққан. Оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда ол есін жимастан көз жұмды.

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ-тың мердігер ұйымы жұмысшысының қаза болу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі, яғни "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары қолға алынды". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі


Бұған дейін 2022 жылдың 8 желтоқсанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургия комбинатының кокс-химия өндірісінде кісі өлімі орын алған. Ол кезде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың 1982 жылғы газ маманы қаза тапқан.

Айта кетсек, 9 желтоқсанда Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен кездесу өткізді. Сол кезде Қазақстан компанияның қызметін бағалау үшін сырттан халықаралық сарапшыларды тартқалы жатқаны хабарланды. Бағалау кезеңінде АМТ өкілдері өндіріс көлемін, жұмыспен қамту деңгейін және жалақымен қамсыздандыруды сақтауға уәде берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: