Шымкентше бизнес: Түркістан облысында шенеуніктен 50 миллион теңге бопсалаған
Polisia.kz сайтының мәліметінше, мемлекеттік мекеменің бірінің басшысы Шымкент қалалық Полиция департаментіне жүгінген. Ол жеке кәсіпкер өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп қорқытып, 50 миллион теңге талап етіп отырғанын айтқан.
"Жедел уәкілдер ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы "Бопсалау" бойынша арызды Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара жүргізіп, күдіктіні анықтады. Полицейлер оны 45 миллион теңге беріп жатқан жерінен ұстады, оның 40 миллион теңгесі жалған", - делінген хабарламада.
Күдікті бұған дейін мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, бірақ жеңіліп қалған мегаполис тұрғыны болып шықты және бұған жәбірленушіні кінәлайды.
"Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар полиция ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріп жатқаны хабарланды.
2022 жылдың 28 желтоқсанында Шымкентте қарулы азаматтың ақша бопсалады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Шымкент қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тұрғылықты жерінде ұстау шараларын жүргізіп, "Макаров" тапаншасын, оған арналған үш патрон мен пышақ тәркіледі.