Павлодар облысында дауылдан мектептің шатыры ұшып кетті
Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау ауылында дауыл мектептің шатырын ұшырып әкетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Zakon.kz басылымына хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға 9 қаңтарға қараған түні болған.
"Жел Березовская орта мектебінің екі қабатты ғимаратының спорт залының шатырын ұшырып әкетті". Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, оқыс жағдай кезінде ешбір адам зардап шекпеген.
Сондай-ақ синоптиктер түнде желдің екпіні секундына 17 метрге жеткенін хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
