Ақтөбе облысында аязда қатып қалған автобустан 33 адам эвакуацияланды

Аязда қатып қалған автобустан 33 адам құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 22:49 Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында аязда қатып қалған автобустан 33 адам эвакуацияланды, оның 31-і – Өзбекстан азаматы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 2023 жылғы 12 қаңтар күні 112 құтқару қызметіне Хромтау ауданы, Самара-Шымкент тас жолының 819-шақырымында аяз салдарынан "Мерседес" маркалы жолдаушылар автобусының жанар-жағар майы қатып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Автобус ішінде 33 адам болған, оның ішінде 31 Өзбекстан азаматы мен 2 Қазақстан азаматы.

Құтқарушылар күшімен жолаушылар Хромтаудағы Шерхан кемпингіне жеткізілді.

Эвакуацияланған азаматтар медициналық көмекті қажет етпеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: