Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды

Ақмола облысы құрылыс басқармасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 12:16 Сурет: Zakon.kz
Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Манапхан Қансейітов кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан шектеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды" – делінген агенттік таратқан хабарламада.

Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, тергеу барысында ол Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді.

Осы үкіммен "Сарапшы Арсенал" ЖШС құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен "Көкшестрой Технадзор" ЖШС техникалық қадағалау инженері О. Ренн кінәлі деп танылып, сәйкесінше 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері оларға бұған қоса мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылғанын атап өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: