Шымкенттік ұстап алған түлкінің баласын хабарландыру сайты арқылы сатпақшы болған
Сурет: pixabay
Шымкентте біреулер түлкінің баласы жәудірді ұстап алып, кейін оны сатпақшы болады. Сөйтіп хабарландыру сайтына жарнама береді. Хабарламаға көзі түскен қала белсенділері оны бірнеше күн болған торынан босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 тауығын буындырып өлтірген жәудірді сатпақшы болған қала тұрғыны бұған өз шығынын өтеу үшін барғанын айтады, деп хабарлайды Otyrar.kz.
"Жануарларға көмектес" ұйымының волонтері Эмилия Өскенова қасқырлар мен түлкілерге қатысты заңда көптеген кемшілік бар екенін айта келіп, сондықтан бұл жағдайда дабыл қағып, құзырлы орындарды мазалап жатпай, тек өз беттерінше түлкінің баласын сатып алғандарын жеткізді.
Волонтерлар жәудірге ветеринардың көмегі қажет емес екендігіне көз жеткізген соң оны босатып жіберген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript