Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда бір айдан астам комада жатқан бала қайтыс болды

Кома, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 01:06 Сурет: pixabay
Қостанайда бір айдан бері комада жатқан сәби қайтыс болды. Наркоздан кейін оянбаған күйі көз жұмаған баланың өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 2022 жылғы 15 желтоқсанда 5 балаға анестезиямен жоспарлы урологиялық операция жасаған. Одан кейін бесеуінің де қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлаған көрінеді. Бірі комаға түскен. Компьютерлік томографиядан кейін миына сәл қан құйылғаны байқалыпты. Астанадан мамандар келген, бірақ 3 жастағы баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

"Жағдайы сәл тәуір болса, санитарлық ұшақпен Астанадағы "Ана мен бала" ұлттық орталығына жеткізу керек деген шешім қабылданды. Өкінішке қарай, оны астанаға жеткізуге жағдайы көтермейтін болды. Сондықтан осында емдедік".  Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Игорь Белобржицкий

Балаларға қолданылған препарат әбден тексерілген. Бұған дейін де қолданыста болған. Дәрігерлер дәл сол сұйық дәріден зауал келуі мүмкін емес деп отыр. Оны сараптама нәтижесі анықтайды.

Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады. 

"Наркоздан кейін комаға түскен 3 жасар баланың қайтыс болу фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп жатыр".Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Бауыржан Қасымхан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: