Жаңалықтар тізбегі
0

Медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық саны 6% өсті

Медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық саны 6% өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 13:10 Сурет: pixabay
Саладағы құқық бұзушылықтар санының артуы үш жылдық төмендеуден кейін алғаш рет байқалып отыр. 2022 жылдың қорытындысына сай елімізде 223 медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 6,2% артық. Салыстыру үшін: былтырғы сәйкес кезеңде құқық бұзушылықтар саны 18% төмендеп, 210 жағдай болған. Өңірлік тұрғыда мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматыда тіркелген: 26 оқиға – бір жыл бұрынғыдан 36,8% көп.

Көшбасшы үштікке Астана (21 жағдай, жыл сайынғы өсім 2,1 есе) және Алматы облысы (20 жағдай, минус 47,4%) кірді. Саладағы құқық бұзушылықтардың ең азы Жетісу, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында тіркелген.

Медицинадағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлығы (96,4%) медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты болды: 215 жағдай, плюс жылына 5,4%. Тағы 6 факті заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет пен рецепттерді заңсыз беру немесе қолдан жасау, 1 факті заңсыз түсік түсіру және жалған дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеуге қатысты. Мұндай деректерді Finprom.kz жариялады.

Осы арада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерге заңда көзделген қызметтік этика нормаларын сақтау және шектеулер мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдері әлеуметтік желілерде, азаматтармен телефон арқылы сөйлесу кезінде, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде, іссапарға шығу кезінде қызметтік этика нормаларын сақтау қажет екеніне тоқталды. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамыту мәселесін көтерді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: