Шымбұлақта үшқабатты рестобар өртенді

Шымбұлақтағы өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2023 09:43 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Шымбұлақта үшқабатты рестобар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

"Бүгін, 29 қаңтарда, сағат 05:30-да "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешенінде үшқабатты "Облака" рестобары (теңіз деңгейінен 3 200 метр) өртеніп кетті. Арнайы өрт техникасына арналған кірме жолдардың болмауына байланысты өртті ішкі өртке қарсы крандар арқылы өшірген".  Руслан Иманқұлов

Cурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі



Өрт 08:05-те ауыздықталған, зардап шеккендер жоқ, алдын ала дерек бойынша өрттің ауданы - 800 шаршы метр.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Өрт сағат 08:30-да сөндірілген, бұл үшін қар генераторы қолданылған.


Алматының төтенше жағдайлар департаменті оқиға туралы кейінірек толыққанды ақпарат береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: